• Icon+7 (7172) 57-20-75
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

Іс-шара

ҚР ЖОО проректорларына Erasmus+ бағдарламасы жөнінде онлайн ақпараттық сессия өтті, 04 маусым 2024 жыл

4 маусымда Қазақстандағы Erasmus+ Ұлттық кеңсесінің Үйлестірушісі Л. Палуанова ҚР ЖОО проректорларына Еуропалық Одақтың Erasmus+ бағдарламасы жөнінде онлайн ақпараттық сессия өткізді. Іс-шараға еліміздің 57 ЖОО-нан 97 өкіл қатысты. Сессия барысында Үйлестіруші қазақстандық ЖОО-ның Erasmus+ жобаларына қатысуы бойынша статистикалық деректер келтірді, бағдарламаның әр бағыты бойынша көшбасшы университеттерді атап өтті, сондай-ақ жоба өтінімдерін әзірлеу, консорциум құру және 2024 жылғы конкурсқа дайындалу бойынша кеңестер берді. 2015 жылдан бастап Erasmus+ бағдарламасы аясында еліміздің 70 ЖОО халықаралық кредиттік ұтқырлық жобаларымен, 56 ЖОО жоғары білім беру әлеуетін арттыру жобаларымен, ал 11 университет Жан Моне жобаларымен қамтылғанын атап өткен жөн. ЖОО-ның белсенділігін арттыру мақсатында Қазақстандағы Erasmus+ Ұлттық кеңсесі 2023 жылдың ақпан айынан бастап 17 онлайн ақпараттық сессия және еліміздің 12 қаласында 56 ЖОО-нда офлайн форматта ақпараттық сессия өткізіп үлгерген. Үйлестіруші ЖОО өкілдерін кеңсе ұйымдастыратын іс-шараларға белсенді қатысуға және 2024 жылдың конкурсына қазірден бастап дайындалуға кеңес берді. Сессияға қатысушылар сұрақтарын қойып, оларға жауап алды. Аталмыш сессияның жазбасы Қазақстандағы Erasmus+ Ұлттық кеңсесінің Youtube арнасында қолжетімді.

Проекторларға арналған презентация

 

«Ұлттық біліктілік жүйесі» семинар материалдары, 27 наурыз 2024 жыл

Өткен семинардың материалдары:

Бағдарлама

Скриншоттар

«Академиялық адалдық - жоғары білім сапасын қамтамасыз ету факторы ретінде» семинар материалдары, 15 наурыз 2024 жыл

«Қазақстандық ғылыми журналдар казіргі жағдайы және даму перспективалары» семинары, 30 қараша 2023 жыл

Пресс-релиз

Ғылыми журналдар редакторларымен оқыту семинарын өткізу туралы

2023 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде отандық ғылыми журналдар редакторларына арналған  «Қазақстандық ғылыми журналдар казіргі жағдайы және даму перспективалары» атты оқыту семинарын өткізді.

Семинарға 80-нен астам ғылыми журналдардың редакторлары және университеттердің ғылыми жұмысы жөніндегі  проректорлары, Сlarivate Analytics және  Wiley өкілдері, шетелдік журналдардың редакторлары қатысты. Семинар барысында Комитет ұсынатын басылымдардың соңғы 30 жылдағы трансформациясы, казіргі жағдайы, даму траекториялары туралы айтылды.

Семинарға қатысушылар үздік тәжірибелер және ұсыныстармен, Scopus халықаралық сілтеме базасына енгізу үшін негізгі талаптар, Wiley журналдарының сапасы туралы ақпаратпен бөлісті.  Спикерлердің  ғылыми  журналдың даму мен  ілгерілетудің  өзіндік тәжирибесі үлкен қызығушылық туғызды. Спикерлер аудиторияның назарына   сапалы контент, рецензенттерді іздеу және таңдау, тиімді редакциялық үрдістер, редакциялық алқа жұмысының принциптері, халықаралық журналдың ребрендингі жөнінде мәселелерді ұсынды.

Семинар барысында қатысушыларға топтарға бөлініп, отандық ғылыми журналдарды дамыту бойынша  идеяларын ұсынуға мүмкіндік берілді.

Өткен семинардың материалдары:

Бағдарлама

Презентациялар:

1. Презентация А. Тойбаев

2. Презентация Гайпов

3. Презентация Кенжина

4. Презентация Муратов

5. Презентация Пустолайкина

6. Презентация Ринкон

7. Презентация Нұриман

8. Презентация Альтонаян

9. Презентация Базарбаева, Джумабекова

Баяндамалар (мәтіндік материал):

1. Аннотация Кенжина

2. Аннотация Пустолайкина

3. Аннотация Ринкон

«Агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) үшін кадрларды даярлаудың өзекті мәселелері бойынша» семинар материалдары 23 қазан 2023 жыл

Өткен семинардың материалдары:

Бағдарлама

«IT технологиялар саласында кадрларды даярлаудың өзекті мәселелері бойынша» семинар материалдары 16 қазан 2023 жыл

Өткен семинардың материалдары:

Бағдарлама

Университеттердің ұлттық және жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардағы стратегиялық жоспарлау

Семинардың материалдары:

Бағдарлама

Файлдарды жүктеу сілтемесі

Ұлттық біліктілік жүйесі бойынша семинар

Презентациялар:

1. Ұлттық біліктілік жүйесінің жалпы құрылымы. «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту жөніндегі жобалық офисінің басшысы Жұманбаев Ерасыл Темирбекұлы.

3. Ұлттық және салалық біліктілік шеңберлері. «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның басқарушы директоры Киселева Ольга Павловна.

4. Кәсіптік стандарт. «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту жөніндегі жобалық офисінің сарапшысы Танашева Динара Бекболқызы.

5. Кәсіптік стандарттарды ескере отырып, білім беру бағдарламаларын Тізілімге енгізу және жаңарту тәртібі. Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының офис басшысы Мухамбетова Амина Ақзатқызы.

6. Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасының құрылымын таныстыру. «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту жөніндегі жобалық офисінің сарапшысы Капитонова Динара Муратовна.

7. Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасының презентациясы. «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның онлайн оқытуды дамыту департаментінің директоры Адепбаева Қымбат Қаниқызы.

«Бірлескен білім беру бағдарламалары мен қосдипломдық бағдарламаларды әзірлеу және енгізу тәсілдері» семинар материалдары

Өткен семинардың материалдары:

Бағдарлама

Семинар бойынша кері байланыс анықтамасы

Семинар сұрақтарына жауаптар

Презентациялар:

1. Бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу алгоритмі Мұқатаев Айдос Ағдарбекұлы, Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының директоры

2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының тізіліміне БББ және ЕДБ енгізу тәртібі Мухамбетова Амина Акзатовна, Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының офис басшысы

3. Бірлескен және екі дипломдық білім беру бағдарламаларын аккредиттеу ерекшеліктері Жумагулова Алина Бахытжановна, Яновская Ольга Алексеевна, Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі

4. Екі дипломдық білім беру бағдарламаларын тану-қолданыстағы тәжірибе және процесті жетілдіру Іргебаев Ержан Тұрсынханұлы, Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының директор орынбасары

«ЖОО-лардың академиялық саясатындағы жаңа трендтер» атты семинар-отырысының материалдары 16 наурыз 2023 жыл

Өткен семинар-кеңестің материалдары:

1. Саясат Нұрбек - ҚР ҒЖБМ тұжырымдамасы

2. Қ. А. Ерғалиев. Академиялық мәселелердің жаңа аспектілері

3. Г.І. Көбенова.  Жаңа реттеу саясаты "таза парақтан"

4. Б. М. Нарбекова. "Кәсіптік біліктілік туралы" заң жобасының нормаларын іске асырудағы жоғары оқу орындарының рөлі туралы

5. С. М. Өмірбаев. микро біліктілік бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру туралы

6. О.П. Киселева. Жаңа кәсіби стандарттар негізінде ББ өзектендіру

7. Г.С. Джарасова. ЖЖОКБҰ  білім алушыларын қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру ерекшеліктері

8. А.К. Джумасейтова.  Университет түлектерінде ESG skills қалыптастыру

9. Л. Палуанова. Қазақстанда Erasmus + жобаларын іске асыру туралы

10. И.А. Оралқанова. Жоғары оқу орындарының білім беру процесінде Coursera курстарын қолдану

11. К.Т. Мыңбаев. Білім беру процесінде онлайн мүмкіндіктерді пайдаланудың инновациялық тәсілдері

12. Семинар бағдарламасы 16.03.2023

 

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбектің  "ЖОО-лардың академиялық саясатындағы жаңа трендтер" атты семинар-отырысындағы баяндамасы бойынша материалдар

 

«Internationalization of higher education institutions: International visibility of HEIs» семинары 23-24 ақпан 2023 жыл

2023 жылғы 23-24 ақпанда Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің базасында ҚР ҒжЖБ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті және Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен  халықаралық қызмет жөніндегі проректорлары, халықаралық ынтымақтастық департаменттерінің директорлары, ҚР жоғары оқу орындары декандарының орынбасарларына арналған практикалық семинар өтті.

Бүгінгі таңда бүкіл әлемде интернационалдандыру мәселелеріне білім зерттеушілері, теоретиктер мен практиктер тарапынан да, билік пен жалпы жұртшылық тарапынан да ерекше назар аударылады.

Қазақстан барлық деңгейлерде білім беруді интернационалдандырудың нақты мақсатымен сыртқы әлемге бағдарланған өршіл ұлттық білім беру бағдарламасын қабылдады. Қазіргі уақытта Қазақстанның жоғары білім және ғылым жүйесі АҚШ, Еуропа және Ұлыбританияның жетекші білім беру ұйымдарымен бірлесіп халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде кеңейтіп, нығайтуда.

ТОЛЫҒЫРАҚ

BFUG, Орталық Азия мемлекеттерінің министрліктері мен ЖОО өкілдерінің қатысуымен өтетін ректорлар конференциясы

Пресс-релизі

6 қазан 2022 ж

2022 жылғы 6 қазанда Астана қаласында Болон процесінің бақылау тобы (BFUG), Орталық Азия министрліктері мен ЖОО өкілдерінің қатысуымен ЖОО ректорларының конференциясы өтеді.

Конференцияға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан Білім министрліктерінің өкілдері, Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің жоғары оқу орындарының ректорлары, Еуропа Кеңесі, Quacquarelli Symonds (QS), UNESCO, BFUG және Латвияның академиялық ақпараттық орталығы сияқты халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.

Конференция Орталық Азиядағы білім беру саласындағы өңірлік ынтымақтастықты және жоғары білім берудің Орталық-Азия кеңістігінің (ЦАПВО) қызметін дамыту бойынша одан әрі қадамдар жасауға бағытталған.

ОАЖБК құрудың негіздері TuCAHEA (жоғары білім берудің Орталық Азия кеңістігін орнату)жобаларында, CAEP (Орталық Азия білім беру платформасы), Еуропалық Одақ пен Орталық Азия Білім министрлерінің кездесулерінде және басқа да бірлескен жобаларда қаланды.

2021 жылы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменстан ОАЖБК негізгі қағидаттары туралы Түркістан декларациясын қабылдады. Мақсаты – Орталық Азия елдерінде өңірлік және ұлттық деңгейлерде білім беру саласындағы келісілген қағидаттарды тиісінше және толық жүзеге асыру-бірыңғай мақсатты ұстана отырып, өзара тиімді шарттарда дамудың басым бағыттарын белгілей отырып, Орталық Азияның білім беру кеңістігін біріктіру.

Әрі қарай, 2022 жылдың мамыр айында Алматыда Орталық Азия ректорларының Форумы өтті. Форумда Орталық Азия жоғары оқу орындарының қауымдастығын құру туралы шешім қабылданды.

Келесі қадам-жоғары білім берудің Орталық Азия кеңістігінің тұрақты Бюросын ашу. Бюро әр елдің өкілін оның құрамына енгізе отырып, тепе-теңдік шарттарында әрекет етеді. Бюроның Миссиясы өңірдегі Болон реформаларын ілгерілету арқылы Орталық Азия елдерінің жоғары білімінің тартымдылығын арттыру болады. Орталық Азия елдерінде өңірлік, ұлттық және ЖОО деңгейлерінде Болон процесінің келісілген қағидаттарын жүзеге асыруға жәрдемдесу – жоғары білім беру жүйелерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға әкеледі.

Конференция ҚР ҒЖБМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығында орналастырылатын ОАЖБК тұрақты Бюросының ашылуы туралы бірлескен өтінішті қабылдаумен аяқталады.

Ақпаратты келесі сілтеме бойынша алуға болады.

BFUG отырысы

Болон процесі Бақылау тобы Кеңесінің 81-ші отырыстың

баспасөз релизі (BFUG)

2022 жылғы 5 қазанда Астана қаласында Қазақстан Болон процесінің бақылау тобы Кеңесінің 81-ші отырысы (Bologna Follow up Group, BFUG) өтеді. Отырыс жұмысына Болон процесінің тең төрағасы-елдердің білім министрліктерінің өкілдері, сондай - ақ Консультативтік мүшелер-Еуропа Кеңесі, Еуропалық университеттер қауымдастығы (EUA), жоғары білім беру мекемелерінің Еуропалық қауымдастығы (EURASHE) және Еуропалық студенттер одағы (ESU) қатысады. Тең төрағалар Қазақстан, Чехия, Әзірбайжан, Франция, Швеция, Босния және Герцеговина, сондай-ақ Албания елдерін.

BFUG Кеңесінің қатысушылары еуропалық жоғары білім беру кеңістігін дамытудың өзекті мәселелерін, министрлердің 2020 жылғы Рим коммюникесінде қойған мақсаттарына қол жеткізудегі прогресті, сондай - ақ жақын арадағы іс-шараны-2022 жылғы 7-8 қарашада  Чехияның Брно қаласында өтетін BFUG үлкен отырысын дайындауды талқылайды.

Сонымен қатар, қатысушылар жаһандық саяси диалог, жаңадан кірген елдерде (Сан-Марино сияқты) Болон үдерісін іске асыру, Еуропалық жоғары білім беру кеңістігінде (ЕПВО), білім алмасу, білім беру саласындағы әлеуметтік өлшеуді дамыту мәселелерін талқылайды. BFUG кеңесі жұмысының нәтижелері 2024 жылы Албанияның Тирана қаласында өтетін ЕПВО,  Білім министрлерінің Конференциясы мен жаһандық саяси форумды дайындауға үлес қосуға мүмкіндік береді.

Қазақстанның Болон процесінде тең төрағалық етуі және BFUG кеңесінде жұмыс істеуі Қазақстанның әлемдік білім беру аренасындағы имиджінің нығаюын тағы да растайды және білім беру жүйелерінің жақындасуына ықпал етеді.

Ақпаратты келесі сілтеме бойынша алуға болады.

«Адами капитал - Жаңа Қазақстанның дамуының негізгі ресурсы» ғылым және жоғары білім - 2022 форумы

Пресс-релизі

2022 жылдың 24-25 тамызында Нұр-Сұлтан қаласында Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Astana IT University және Nazarbayev University қабырғасында "Адами капитал - жаңа Қазақстан дамуының негізгі ресурсы" атты ғылым мен жоғары білім форумы өтеді.

Форум жұмысына Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың басшылары және өкілдері, топ-менеджерлер, жұмыс берушілер, Қазақстан студенттерінің өкілдері, жас ғалымдар, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысады.

Форум шеңберінде қазіргі заманғы білім берудің негізгі үрдістері талқыланады, жаһандық трендтерге сәйкес Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесін дамыту бағыттары айқындалады, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар үшін басымдықтар мен міндеттер қалыптастырылады.

Форумның тақырыптары:

  • Қазақстанның ғылымы және жоғары білімі: қайта құру нүктелері;
  • Кредиттік оқыту технологиясының жаңа жағдайындағы бағалау жүйесі;
  • Педагогикалық білім берудің 30 білім беру бағдарламасы: әзірлеу процесі және ұсыныстар;
  • Ғылымиметрикалық мәліметтерге негізделген стратегиялық шешімдер қабылдау және олардың THE және QS-ке әсері;
  • Технологияларды коммерцияландырудың практикалық мәселелері;
  • Қазақстанда әлемдік деңгейдегі жаңа ғылыми-зерттеу университетін құру. PhD Докторантура: Nazarbayev University тәжірибесі;
  • Кредиттік оқыту технологиясының жаңа жағдайындағы бағалау жүйесі;
  • Қазақстан жастар көзімен;
  • Адами капитал-ел экономикасын дамытудың негізгі ресурсы.

Тіркелу үшін сілтеме бойынша өту, немесе QR кодын сканерлеу қажет. Форум жұмысына қатысуға шақырамыз.

Ақпаратты келесі сілтеме бойынша алуға болады.

Орталық Азия ректорларының форумы

Пресс-релизі

2022 жылғы 12-13 мамырда Алматы қаласында Орталық Азия елдері ректорларының Форумы өтеді.

Форум жұмысына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан Білім министрліктерінің өкілдері, Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің жоғары оқу орындарының ректорлары, Microsoft, QS, Elsevier, Clarivate Analytics сияқты ірі ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ Еуропа Кеңесінің, Болон процесінің бақылау тобының (Bologna Follow-Up Group), Латвия академиялық ақпарат орталығының өкілдері қатысады.

Форумның мақсаты - Орталық Азия жоғары оқу орындарының өңірлік ынтымақтастығын кеңейту.

2021 жылы Түркістан қаласында Орталық Азия елдерінің Білім министрлерінің конференциясы өтті. Конференция қорытындысы бойынша Түркістан декларациясы қабылданып, онда Орталық Азия елдерінің білім министрлері Орта Азиялық жоғары білім кеңістігін құру туралы жариялады.

Сонымен қатар, конференцияда Орталық Азия елдерінің университеттері Орталық Азия жоғары оқу орындарының Альянсын (бұдан әрі - Альянс) құру туралы Меморандум қабылдады.

Форумда Альянстың одан арғы жұмысы бойынша талқылау жоспарлануда. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы мен Орталық Азияның жоғары оқу орындары арасында екіжақты келісімдерге қол қою, келесі уағдаластықтарға қол жеткізу жоспарлануда:

- қызметкерлер мен білім алушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту бойынша,

- Альянсқа кіретін жоғары оқу орындарының білім беру платформаларына өзара қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша,

- Орталық Азия елдерінде ЖОО филиалдары мен өкілдіктерін ашу бойынша,

- стипендиялық бағдарламаларды ұйымдастыру бойынша,

- Орталық Азия елдері үшін аккредиттеудің шекті стандартын әзірлеу бойынша,

- сондай-ақ Альянсқа кіретін жоғары оқу орындары үшін электрондық жоғары оқу орындары арасындағы кітапханаға қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша.

Жалпы, Альянс өзекті мәселелерді шешу және бүкіл әлемде жоғары білім мен ғылымды дамытудың жаһандық үдерісіне жәрдемдесу үшін Орталық Азия өңірінің жоғары оқу орындарының ғылыми, зияткерлік, шығармашылық әлеуетін біріктіруге ықпал ететін болады.

Орталық Азия елдері ректорлары форумының бағдарламасымен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Ақпаратты келесі сілтеме бойынша алуға болады.

«Орталық Азия жоғары білім кеңістігі: аймақтық ынтымақтастық, ұлттық реформалар» Орталық Азия елдерінің Білім министрлерінің Конференциясы

Пресс-релизі

2021 жылғы 17-18 маусымда Қазақстанның тарихи және мәдени орталығы - Түркістан қаласында 2021 «Орталық Азия жоғары білім кеңістігі: өңірлік ынтымақтастық, ұлттық реформалар» атты Орталық Азия елдерінің Білім министрлерінің конференциясы өтті.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетов, Түрікменстанның Білім министрі О.А. Гурбанов, Өзбекстан Республикасының жоғары және арнайы орта білім министрі А.Х. Тошкулов, Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрінің орынбасары Н.К. Омуров, сондай-ақ Еуропа ұйымдарының – Еуропалық одақтың, Еуропа Кеңесінің, Еуропалық Комиссияның, Болон процесінің бақылау тобының, Эразмус+ өкілдері қатысты.

Қатысушылар аймақтағы жоғары білім беру жүйесін дамытуды талқылады, сондай-ақ өңірдің зияткерлік және ғылыми әлеуетін біріктіру мақсатында білім беру жүйелерін жақындастыру және үндестіру мәселесін талқылады.

Конференция Орталық Азияның барлық елдерінің Түркістан декларациясын қабылдауымен аяқталды. Декларацияда білім министрлері Орталық Азия жоғары білім кеңістігін құру (ОАЖБК) туралы жариялады. Орталық Азия жоғары білім кеңістігі хатшылығының Штаб-пәтері алдағы 3 жылда Түркістан қаласында орналасатын болады.

ОАЖБК өзекті мәселелерді шешу және бүкіл әлемде жоғары білім мен ғылымды дамытудың жаһандық процесіне жәрдемдесу үшін Орталық Азия өңірінің жоғары оқу орындарының ғылыми, зияткерлік, шығармашылық әлеуетін біріктіруге ықпал ететін болады.

Орталық Азия елдерінің білім министрлері ұлтына, жасына, әлеуметтік жағдайына қарамастан инклюзивтілік, инновация және өзара байланыстылықтың демократиялық қағидаттары негізінде жоғары білімнің бірыңғай кеңістігін құруға өздерінің бейілділіктерін растады.

Орталық Азия жоғары білім кеңістігі арқасында жоғары білім беру жүйелерінің конвергенциясы мен синхронизациясы азаматтардың еңбек және білім беру көші-қонының өсуі жағдайында біліктілікті тану процестерін жеңілдетеді.

Ақпаратты келесі сілтеме бойынша алуға болады.

«Ғаламдық аймақта: Қазақстан Болон процесі және ЕО жобаларында» Халықаралық онлайн форум туралы

Пресс-релизі

2020 жылдың 20-21 қазанында Қазақстанның Болон процесіне қатысуының 10 жылдығына және ЕО Темпус және Эразмус+ бағдарламаларына қатысудың 25 жылдығына арналған «Ғаламдық аймақта: Қазақстан Болон процесі және ЕО жобаларында»халықаралық онлайн форумы өтеді.

Форумның мақсаты - Қазақстанның 10 жылдық Болон процесіне қатысуының нәтижелерін, Темпус және Эразмус + жобаларының нәтижелерін қорытындылау және жоғары білім беру жүйесін одан әрі дамытудың векторларын анықтау.

Форумға Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, білім министрлері, еуропалық сарапшылар, соның ішінде Еуропалық Комиссияның, Еуропалық Кеңестің, Болон процесінің бақылау тобының (BFUG) хатшылығы, Орталық Азия елдерінің өкілдері, қазақстандық жоғары оқу орындарының ректорлары, жұмыс берушілер мен академиялық қауымдастық өкілдері шақырылды.

Форум аясында жаңа міндеттер жағдайында жоғары білім беруді дамытудың жаңа тенденцияларын, жоғары оқу орындарының автономиясын кеңейту, инновациялық және цифрлық экожүйені қалыптастыру, сондай-ақ Орталық Азия білім беру хабын құру мәселесін талқылау жоспарлануда.

Сондай-ақ, Болон процесінің негізгі басымдықтарын іске асыру мәселелері қаралатын болады:

  • жаңа бейнедегі жоғары білім берудің әлемдік тенденциялары;
  • Қазақстан Республикасы жоғары білімін интернационалдандыру стратегиясы;
  • білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз етуге жаңа тәсілдер;
  • шетелде алынған біліктілікті тану процестерін оңтайландыру;
  • жоғары білім берудің ұлттық біліктілік шеңберін жаңарту.

Іс-шара аймақтық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге, интернационалдандыруды кеңейтуге, дамудың болашақтағы стратегиялық басым бағыттарын айқындауға, сондай-ақ ұлттық білім берудің және жалпы елдің халықаралық имиджін жақсартуға ықпал ететін болады.

Ақпаратты келесі сілтеме бойынша алуға болады.

«Жоғары білім берудің Еуропалық кеңістігіндегі негізгі құжаттар» вебинары

2019 жылғы 31 қазанда Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы «Жоғары білім берудің еуропалық кеңістігіндегі негізгі құжаттар» тақырыбында вебинар өткізді.

Ақпаратты келесі сілтеме бойынша алуға болады.

«ESG: ЖОО академиялық қызметінде қолдану тәжірибесі» вебинары

2019 жылғы 30 сәуірде Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы «ESG: ЖОО академиялық қызметінде қолдану тәжірибесі» тақырыбында вебинар өткізді.

Вебинарға Қазақстанның 80-нен астам жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық құрамы қатысты. Ақпаратты келесі сілтеме бойынша алуға болады.

Білім беру бағдарламаларының сарапшыларына арналған оқыту семинары

ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы 2019 жылғы 29 наурызда М.С.Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық-заң университетінің базасында «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын тізілімге енгізу үшін білім беру бағдарламаларының паспортына сараптама жасау» тақырыбында білім беру бағдарламаларының сарапшылары үшін оқыту семинарын өткізді.

ТОЛЫҒЫРАҚ