Орталықтың тарихы
ҚР ҒЖБМ "Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ведомстволық бағынышты ұйымы.
Қазақстан 2010 жылы Болон Декларациясына қол қойып, Болон процесіне қатысушы елдер қатарында 47 орынға ие болды жәнеЕуропалық білім кеңістігінің толық құқықты мүшесі болып танылған бірінші Орта-азиялық мемлекет.
Әр қатысушы ел Болон процесінің міндетті, ұсыныстық және қосымша параметрлері бойынша өзіне міндеттемелер қабылдайды.
Орталық 2012 жылдың 31 тамызында Қазақстан Республикасында ұлттық деңгейде Болон процесі параметрлерінің жүзеге асырылуын әдістемелік, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу мақсатында құрылды.
Негіздеме - Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы7 желтоқсандағы №1118 «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Жарлығы.
ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ
- Қазақстанның жоғары оқу орындарымен өзара әрекеттесу және ашықтық
- Барлық мүдделі тараптардың ақпаратқа қол жетімділігі
- Басқару мен шешімдер қабылдаудағы алқалылық