Бос орындар
Конкурс өткізу туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Жоғары білімді дамытудың ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ақпараттық талдау офисі жетекші талдаушысы бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
• Жоғары білім;
• Кемінде 3 жыл кәсіби тәжірибесі;
• Білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді білу.
Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:
1) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
Лауазымдық міндеттері:
1) жүргізіліп жатқан жұмысты талдау және әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
2) алынған ақпаратты жинау, бағалау және талдау, сондай-ақ практикалық ұсыныстар әзірлеу мақсатында талдау жұмыстарын жүргізеді;
3) өзекті тақырыптар бойынша, оның ішінде қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға мониторинг жүргізеді және оларға баға береді;
4) қажетті есеп құжаттамасын ресімдейді;
5) бекітілген жұмыс бағдарламасына сәйкес есептер мен талдамалық материалдарды дайындау процесінде материалдарды жинауға және өңдеуге қатысады;
6) ғылыми-зерттеу және талдау жұмыстарын жүзеге асыруға қатысады, қажетті дайындық және көмекші операцияларды жүргізеді, бақылаулар мен мониторинг жүргізеді, жұмыс құжаттамасын жүргізеді;
7) Офистің қызметіне қатысты конференцияларды, семинарларды және басқа да іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;
8) Тақырып бойынша ғылыми және басқа да ақпаратты жинауды және зерделеуді ұйымдастырады, мәліметтерге талдау және аналитикалық синтез жүргізеді;
9) Офистің талдамалық қызметін жоспарлауға қатысады, ғылыми-зерттеу, талдамалық жобаларды және офис қызметінің басқа түрлерін дайындау бойынша жұмысты ұйымдастырады.
Құжаттар cbpiam@n-k.kz электронды мекен-жайға конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде (13.03.2025 қоса алғанда) ұсынылуы тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізім бойынша тапсырылады:
1) өтініш;
2) түйіндеме (еркін нысанда);
3) білімі туралы құжат (қосымшасымен бірге) көшірмелері;
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай – ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарға Білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану туралы куәліктер қоса беріледі;
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білім туралы құжаттарға "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтама қоса беріледі";
өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттарға Білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі;
5) сотталмағандығы туралы анықтама;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқ екендігі туралы анықтама.
Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.
Әңгімелесу Астана қаласы, Сығанақ к., 70, 202 офис мекенжайы бойынша өткізіледі. Байланыс телефоны 28-75-33.
ҚР ҒЖБМ «Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
директоры Ф. Куанганову_______(АЖТ, мекен-жайы, ұялы тел.)
ӨТІНІШ
Ақпараттық талдау офисі жетекші талдаушысы бос лауазымына орналасу конкурсқа құжаттарымды қабылдауыңызды сұраймын.
1) өтініш;
2) түйіндеме (еркін нысанда);
3) білімі туралы құжат (қосымшасымен бірге) көшірмелері;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) сотталмағандығы туралы анықтама;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқ екендігі туралы анықтама.
2025 ж. "___"________ ____________(қолы)