ЕЖБК құралдары
Diploma Supplement
Diploma Supplement Жоғары білім берудің Еуропалық кеңістігін (EHEA) дамытудың маңызды бөлігі болып табылады. Аталған құжат «Еуропа аймағында жоғары білім беру саласындағы біліктіліктерді тану туралы конвенцияны ратификациялау» (Лиссабон, 1997 жыл) туралы Қазақстан Республикасы Заңының аясында және Болон процесінің параметрлерін іске асырудағы Қазақстан қабылдаған міндеттемелерді орындауға ықпал етеді.
2018 жылғы мамырда Парижде Болон процесіне қатысушы елдердің білім министрлерінің конференциясының аясында Diploma Supplement құжаты қайта қаралды: «Біз ұсынылған Диплом қосымшасын мақұлдаймыз және Тану туралы Лиссабон конвенциясы мен Europass-ке сәйкес ұқсас нұсқада оны қабылдау үшін жұмыс жасауға міндеттенеміз. Студенттер мен бітірушілердің ұтқырлығын одан әрі алға жылжыту мақсатында Диплом қосымшасын цифрландыру сияқты бастамаларды қолдаймыз ...».
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 37- және 64-тармақтарына сәйкес қазақстандық жоғары оқу орындары бітіруші түлектерге дипломға жалпыеуропалық қосымшаны (Diploma Supplement) тегін береді.
«Diploma Supplement» толтыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдама