• Icon+7 (7172) 57-20-75
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

НЕГІЗГІ КУРРИКУЛУМ

Негізгі куррикулум деген не?

Негізгі куррикулумды әртүрлі тәсілдермен анықтауға болады, бірақ бұл жағдайда Негізгі куррикулум - Қазақстандағы мұғалімнің жұмыс жағдайын сипаттайтын және негізгі құндылықтар мен жалпы педагогикалық түсінікті, сондай-ақ педагогикалық білім берудің барлық бағдарламалары мен мақсатты топтары - профессорлар, оқытушылар құрамы, нұсқаушылар, ассистенттер, ЖОО басшылары мен иелері, білім беруді басқарудың жергілікті органдары, ЖОО-дағы басқа да кәсіби топтар басшылыққа алатын сапалы оқытудың іргелі тәсілін егжей-тегжейлі сипаттайтын жазбаша құжат.

Негізгі куррикулум "KZEMP/QCBS-03 педагогикалық білім беру әлеуетін күшейту" жобасының түрлі құжаттары мен нәтижелері, соның ішінде Қазақстан Республикасындағы педагогикалық білім беруді дамытудағы ағымдағы ахуал мен қажеттіліктерді жан-жақты талдау және ПБ жақсартылған үлгісі негізде жасалды.

Негізгі куррикулум сондай-ақ негізгі педагогикалық жетекші қағидаттары орнатып, барлық білім бағдарламалары ұстануы тиіс құзыреттіліктерді нұсқап, барлық пәндер бойынша оқу және дайындау бағытын сілтейді. Сонымен қатар негізі куррикулум дипломнан кейінгі деңгейдегі барлық білім бағдарламалары үшін ортақ болатын педагогикалық компонентті қамтиды. Магистратура бағдарламалары үшін Негізгі куррикулум бағдарламаны жүзеге асыру кезінде жетекші құжат ретінде жүреді.

Негізгі куррикулум келесі бес элементті қамтиды:

3-сурет. Негізгі куррикулум мазмұны

Бұл веб-сайтта Негізгі куррикулумда сипатталған негізгі педагогикалық қағидаттар мен тақырыптар бойынша әртүрлі қолдау материалдары берілген:

  • Құзыреттілік тәсіл
  • Студентке бағдарланған тәсіл және оқытудың белсенді әдістері
  • Сындарлы келісу
  • Бағалау
  • Инклюзивті білім беру
  • Цифрландыру
  • Пәнаралық оқыту: пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту (CLIL) және STE(A)M ғылым, технология, инженерия, (арт), математика
  • Зерттеулерге негізделген педагогикалық білім
  • Мұғалімдердің кәсіби дамуы және өзгерістерді басқару

Педагогикалық қағидаттар мен тақырыптарға қатысты презентацияларды, бейнелерді, сілтемелерді және басқа материалдарды табыңыз