ПБ ЖАҢА ҮЛГІСІ
"KZEMP/QCBS-03 педагогикалық білім беру әлеуетін күшейту" жобасының қажеттіліктерін талдау Қазақстандағы педагогикалық білім берудің (ПБ) қазіргі үлгісі болашақ педагогтердің негізінен теориялық біліміне бағдарланған дәстүрлі, академиялық болып табылатынын көрсетті. Сонымен қатар, талдау ПБ жаңа үлгісіне көшуге деген жалпы ұмтылысын көрсетті, мұнда мұғалімдер өз саласының мамандары болып табылады, сыни сезім мен автономияға ие, мәселелерді шешуге және басқалармен ынтымақтастыққа қабілетті (Musset, 2010).
ПБ жаңа үлгісі мұғалімдердің құзыреттілігін зерттеулерге негізделген білімге сәйкестендіру үшін қажет тұжырымдамалық негізді қамтиды. Ол сондай-ақ оқытудың білім мен практика ретіндегі табиғатын, яғни мұғалімнің құзыреттілігін ПБ алу үрдісінде және мұғалімнің бүкіл мансабында үздіксіз кәсіби даму шеңберінде қалай қолдануға және дамытуға болатындығын қарастырады (Grossman & McDonald, 2008). Мұғалімнің құзыреттілігін санаттарға бөлу және суреттеу үшін таңдалған құрылым Blömeke және т.б. бейімдеп (2015) Metsäpelto және т. б. (2020) жасаған үлгіге сәйкес келеді, ол қажеттіліктерді талдау нәтижесінде анықталған мұғалімнің құзыреттіктері бойынша Қазақстандағы ПБ негізделген (1-сурет).
1-сурет. Мұғалім құзыреті үшін концептуалды негіз ретінде қолданылатын оқыту үдерісінің көп өлшемді бейімделген үлгісі (Metsäpelto және басқалар,2020, 6-б.)
Оқыту үдерісінің көп өлшемді бейімделген үлгісі (Metsäpelto және басқалар, 2020) оқыту сапасының тұжырымдамалық негізі болып табылады. Ол оқытуға қажетті маңызды қасиеттерді және мұғалімнің жұмысының басқа аспектілерін алдыңғы зерттеулерге негізделген. Бұл зерттеуге негізделген үлгі мұғалім кәсібінің негізгі құзыреттерін, сондай-ақ студенттерді оқытудың салдарын түсіну үшін берік негіз береді.
Қазақстан мәнмәтініндегі ПБ үлгісі 2-суретте ұсынылған, онда ПБ және даму саласының кезеңдері жақсарту бойынша ұсыныстармен сипатталған.
2-сурет. Қазақстан мәнмәтініндегі ПБ үлгісі. ЭЫДҰ ПБ бағдарының үлгісі негізінде бейімделген (2019)
Ұсыныстар ПБ қатысты үлгінің бір бөлігіне бағытталған, өйткені ол KZEMP/QCBS-03 "Педагогикалық білім беру әлеуетін күшейту" жобасының қолдану аясы болып табылады. Алайда, мұғалімдердің кәсіби қызметіне қатысты кейбір ұсыныстар берілді, мысалы, мұғалім мансабының алғашқы жылдарындағы кәсіпке кіріспе.
Толығырақ қараңыз: ПБ жақсартылған үлгісі