• Icon+7 (7172) 57-20-75
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер мен сарапшыларға арналған практикалық оқыту семинар-тренингтері

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер мен сарапшыларға арналған екі практикалық оқыту семинар-тренингі өткізілді:

  •  2021 жылғы 28-29 маусымда сағат 14.30-да «Білім беру бағдарламаларын әзірлеудің ұлттық және халықаралық тәжірибесі» тақырыбына;
  • 2021 жылғы 30 маусым сағат 14.30-да «Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және сараптау практикумы» тақырыбына.

  Іс-шаралар Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының Facebook парақшасында тікелей көрсетілімі бар ZOOM платформасында өткізілді. 500-ден астам қатысушылар, оның ішінде ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің, ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының, ЖЖОКБҰ ББ тізіліміне жауапты аккредиттеу органдарының өкілдері, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер мен сарапшылар қатысты.

  Семинар-тренингтердің мақсаты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын әзірлеу және сараптау тәжірибесімен алмасу және тарату болып табылады.

  Семинар-тренингтерде келесі баяндамалар жасалды:

  • «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын әзірлеу» тақырыбында Astana IT University стратегия және корпоративтік басқару департаментінің директоры Мұқатаев Айдос Агдарбекұлы. Мұқатаев А.А. - педагогика ғылымдарының кандидаты, республикалық деңгейдегі комиссиялардың жұмысына белсенді қатысады және  ҚР Білім және ғылым министрлігінің жұмыс топтарының мүшесі болып табылады. ҚР жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының тізілімін әзірлеу және іске қосу бойынша жұмысқа жетекшілік етті.
  • «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету: IAAR тәжірибесі» тақырыбында аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) Бас директорының кеңесшісі, экономика ғылымдарының докторы, Ресей Жаратылыстану Академиясының Академигі, экономика, менеджмент, маркетинг және әлеуметтік сала саласындағы «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ сарапшысы Яновская Ольга Алексеевна. Ольга Алексеевна «ҚР білім беруді дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» әзірлеуге қатысты. Ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға үлкен үлес қосты. Өзінің жемісті, табысты педагогикалық және ғылыми қызметі үшін О.А. Яновская «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
  • «Білім беру бағдарламаларын оқыту нәтижелерін қалай тұжырымдау керек (практикаға бағытталған сессия)» және «Білім беру бағдарламаларын сараптау: бағалау кезеңдері мен ерекшеліктері» тақырыптарында Қазақстандағы жоғары білім реформасы бойынша ұлттық сарапшылар тобының мүшесі, жоғары білім беру бойынша Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі сараптамалық кеңесінің төрағасы және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының сарапшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Скиба Марина Александровна.
  • «Білім беру бағдарламаларын әзірлеудің модульдік қағидаты: еуропалық тәжірибе және ҚР-да іске асыру» тақырыбында Орталық Азиядағы ASIIN инженерия, Информатика, жаратылыстану ғылымдары және математика саласындағы білім беру бағдарламаларын аккредиттеу жөніндегі Германия аккредиттеу агенттігі өкілдігінің атқарушы директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Ефимова Ирина Евгеньевна.
  • «Оқыту нәтижелеріне негізделген білім беру бағдарламаларын әзірлеу» тақырыбында КИМЭП университетінің оқытушысы; Эразмус+ жоғары білім беруді реформалау жөніндегі ұлттық командасының мүшесі Сыздықов Жанат Қайырбекұлы. Ж.Қ. Сыздықов академиялық салада 15 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар, үлкен төрттіктің аудиторы ретінде 9 жыл (KPMG компаниясы, Прайсвотерхаус Куперс), Логиком компаниясының қаржы жөніндегі вице-президенті, HOSI (Calgary) компаниясының қаржы менеджері ретінде жұмыс тәжірибесі бар.
  • «Оқыту нәтижелеріне негізделген денсаулық сақтау саласында интеграцияланған білім беру бағдарламаларын іске асыру тәжірибесі» тақырыбында Қарағанды медицина университетінің академиялық жұмыс жөніндегі проректоры, Медициналық білім беруді зерттеу қауымдастығының мүшесі, проблемалық-бағдарлы оқыту бойынша Медициналық білім беру саласындағы Tempus Erasmus+ халықаралық жобаларының қатысушысы, медицина ғылымдарының кандидаты Риклефс Виктор Петрович.

 

Презентациялар:

28.06.2021

1. Мұқатаев Айдос Агдарбекұлы

2. Яновская Ольга Алексеевна

3. Скиба Марина Александровна

29.06.2021

1. Ефимова Ирина Евгеньевна

2. Риклефс Виктор Петрович

30.06.2021

1. Садыков Еркин Токмухамедович

2. Скиба Марина Александровна

Бейнежазба:

YouTube

28.06.2021

29.06.2021

30.06.2021

Facebook

28.06.2021

29.06.2021

30.06.2021