• Icon+7 (7172) 57-20-75
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ САРАПШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ

ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы 2019 жылғы 29 наурызда М.С.Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық-заң университетінің базасында «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын тізілімге енгізу үшін білім беру бағдарламаларының паспортына сараптама жасау» тақырыбында білім беру бағдарламаларының сарапшылары үшін оқыту семинарын өткізді.

Семинардың жұмысына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлаудың барлық бағыттары бойынша 51 жоғары оқу орнынан 146 сарапшы қатысты.

Пленарлық мәжілісте ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Ә.Ж.Тойбаев қатысушыларға арнап кіріспе сөз сөйледі.

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры С.М.Өмірбаев білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде оқыту нәтижелерін жобалау мәселелері бойынша сессия өткізді.

Одан әрі семинарға қатысушылар топтарда жұмыс істеп, төмендегі тақырыптар бойынша практикалық жұмыстар өткізілді: «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары тізбесін қалыптастырудың регламенті» (А.Ж. Құлтуманова), «ҰБШ – білім беру бағдарламаларын жетілдіруші құрал ретінде» (А.А. Нұрмағамбетов), «Білім беру бағдарламалары паспортын бағалау әдістемесі» (А.А. Мұқатаев).

Орталық «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының паспорттарын сараптамадан өткізу жөніндегі нұсқаулықты» дайындады.

Семинар материалдарымен келесі сілтеме бойынша танысуға болады. 

Әдіснама және сапаны қамтамасыз ету басқармасы
Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы