• Icon+7 (7172) 57-20-75
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

2021 жылғы 10 желтоқсанда ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының (бұдан әрі – Орталық) алаңында «Педагогикалық білім беру әлеуетін күшейту – халықаралық тәжірибе» семинары өткізілді.

Онлайн форматта өткен семинар жұмысына еліміздің жоғары оқу орындарының, білім және ғылым министрлігінің 300-ге жуық өкілі қатысты.

Семинардың мақсаты – қазақстандық ЖОО оқытушыларының Дүниежүзілік Банктің «Педагогикалық білім беру әлеуетін күшейту» жобасы аясында Финн Хяме қолданбалы ғылымдар университетінің базасында білім беру бағдарламаларын әзірлеу курстарында алған тәжірибесімен бөлісу.

Айта кету керек, серіктес ел ретінде таңдау кездейсоқ болған жоқ. PISA және TALIS халықаралық зерттеулерінің нәтижелері бойынша Финляндияның педагогикалық мектебі және білім беру жүйесі дәстүрлі көшбасшылардың бірі болып табылады.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің оқу және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры Е. Н.Жұманқұлова «Зерттеулерге негізделген педагогикалық білім» тақырыбында баяндама жасады. Негізгі тезистердің бірі - педагогикалық білім тек зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталып қана қоймай, сонымен қатар зерттеушілік мәдениеттің рухына негізделуі керек.

Шәкәрім атындағы университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры И. А. Оралқанова арнайы және инклюзивті білім берудегі үздік әлемдік тәжірибелерге талдау жасады.

Семинарды Абай атындағы ҚазҰПУ білім беру бағдарламаларын жобалау департаментінің директоры Байдильдина А.М. «Студентке бағдарланған оқытудағы құзыреттілік тәсіл» баяндамасымен аяқтады.

Семинардың модераторы Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының директоры Молдакасимов Е. Б. болды.

Спикерлердің  баяндамаларынан кейін қатысушылар қызу дискуссияда пікірлерімен бөлісті, олар бірауыздан заманауи мұғалімнің эрудициясы жоғары, өзі қызығып және оқушыны қызықтыра  алатындай болуы керектігін айтты. Ол үшін жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру қажет. Бұл ретте жоғары білім беру жүйесіне мақсатты түрде зерделеніп енгізілуі қажет үздік шетелдік практикалар айтарлықтай көмектесе алады.