• Icon+7 (7172) 57-20-75
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

«ТРАНСҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ҮШІН КЕДЕРГІЛЕРДІ ЖОЮ» форумы.

2021 жылғы 02 қарашада Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының өкілдері Қазақстан мен Ұлыбританияның Үкіметаралық комиссиясы шеңберінде ұйымдастырылған "Трансұлттық білім беру үшін кедергілерді жою" форумы жұмысына қатысты.

Форум Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы трансұлттық білім беруді дамыту мәселелеріне арналды және өзекті тақырыптық күн тәртібін қалыптастыратын стейкхолдерлердің ауқымды ортасының қатысуымен өтті. Олардың қатарында ҚР Білім және ғылым министрлігі, Ұлыбританияның халықаралық сауда министрлігі, Британдық кеңес, ҚР ЖОО қауымдастығы, Ұлыбритания ЖОО қауымдастығы (UUKI), "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ, Қазақстан және Ұлыбритания ЖОО-ы, трансұлттық білім беру бойынша екі елдің сарапшылар қауымдастығының өкілдері бар.

Форум Қазақстан мен Ұлыбритания университеттері үшін байланыстарды одан әрі ұлғайтуға, трансұлттық білім беру саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға - тәжірибе алмасуға, Creative Spark, Turing Scheme сияқты бірлескен жобаларды іске асыруға, жоғары білім беру жүйесінде жаңа технологиялар/инновацияларды енгізуге және т. б. жаңа серпін беруге арналған кезекті диалог алаңына айналды.

Форум нәтижелері ҮАК екіжақты хаттамасына біріктірілген.