• Icon+7 (7172) 57-20-75
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

Сұрақтар тізімі

1. Білім туралы құжаттарды тану деген не?

Білім туралы құжаттарды тану - шетелдік білім беру ұйымдарында, оның ішінде олардың филиалдарында, сондай-ақ ғылыми орталықтар мен зертханалар берген білім туралы құжаттарды ресми растау процедурасы.

Білім туралы құжаттарды тану Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Ол білім туралы құжаттың түпнұсқалығын анықтау, білім беру ұйымының (ғылыми орталықтың, зертхананың) оны берген кездегі сәйкес білім беру қызметін жүзеге асыру құқығының болуын белгілеу, қажет болған жағдайда сараптамалық бағалау жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану тәртібі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 бұйрығымен бекітілген Білім туралы құжаттарды тану қағидаларымен реттеледі.

Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 230 бұйрығымен бекітілген Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларымен реттеледі.

2. Қандай құжаттар тану рәсіміне жатады?

Басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған жеке тұлғалардың негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттары тануға жатады.

Сондай-ақ тану рәсіміне білімі туралы құжаттарды ғылыми дәрежелері мен ғылыми атақтары туралы құжаттары бар адамдар ұсынуы тиіс. Сонымен қатар, оқуды жалғастырғысы келетін адамдар құжаттарды тану рәсімінен өтуге міндетті.

3. Білім туралы құжаттарды тану туралы өтінішті қарау мерзімі қандай?

Білім туралы заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжаттарды тану туралы өтінішті қарау мерзімі:

-портал арқылы жүгінген кезде - 15 (он бес) жұмыс күні

- Мемлекеттік корпорация бөлімшелеріне жүгінген кезде - 25 (жиырма бес) жұмыс күні

 

Білім туралы заңдастырылмаған және жарияланбаған құжаттарды тану туралы өтінішті қарау мерзімі:

- портал арқылы жүгінген кезде - 35 (отыз бес) жұмыс күні

- Мемлекеттік корпорация бөлімшелеріне жүгінген кезде - 45 (қырық бес) жұмыс күні

4. Құжатты тану үшін қайда жүгінуге болады?

Мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттарды тіркей отырып, өтінішті «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жіберу керек.