РОӘК отырысы
Ағымдағы жылдың 23 сәуірінде құрамына мемлекеттік органдардың, "Атамекен" ҰКП және тиісті дайындық бағыттары бойынша 25 базалық ЖОО өкілдері кіретін ҚР БҒМ республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің (РОӘК) отырысы өтті.
Отырыста жоғары оқу орындарында зерттеу этикасын дамыту мәселесі талқыланды. Пәнаралық тәсілдер туралы осы салада белгілі тәжірибесі бар және білім беру саласындағы зерттеушілердің қазақстандық қоғамының құрамына кіретін Назарбаев Университетінің өкілдері айтып берді.
Сонымен қатар, техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) мамандықтарының жоғары оқу орындарына түсу кезіндегі жоғары білімге сәйкестігінің жаңартылған кестесінің таныстырылымы болды. Бұл кесте колледж түлектерінің жоғары оқу орындарына түсу кезінде даярлау бағыттарын таңдауды кеңейтуді көздейді. Осылайша, ақылы негізде қысқартылған оқу мерзімі бойынша ұқсас бағыттарға түсетін ТжКБ бітірушілері ҰБТ-дан өтуден босатылады.
Сондай-ақ, РОӘК отырысында алдағы 10-15 жылға перспективалы салаларды анықтауға мүмкіндік беретін жаңа кәсіптер атласы таныстырылды. Кадрларға нақты қажеттілікке сәйкес кадрлар даярлау мақсатында ЖОО-ларға білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде "жаңа кәсіптер атласы" жобасы шеңберінде зерттеулерді ескеру ұсынылады.
Бұдан басқа, докторантураға түсу емтихандарының жаңа форматы қаралды, оның ішінде білім беру бағдарламаларының топтары бойынша докторантураға түсу емтихандары үшін емтихан материалдарының базасын, сұрақтар мен эсселерді бағалаудың бірыңғай критерийлерін қалыптастыру бойынша бірыңғай техникалық ерекшелікті бекіту.
РОӘК отырысының материалдарымен келесі сілтеме бойынша таныса аласыздар.