• Icon+7 (7172) 57-20-75
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу

Тәуелсіз ұйымдардың аккредиттеу рәсімін жүргізуі Қазақстанның 2010 жылы қол қойылған Болон декларациясына сәйкес қабылдаған міндеттемелерді орындаудың бес міндетті шартының бірі болып табылады.

Аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану және танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беру бағдарламаларының тізілімдерін қалыптастыру қағидаларына сәйкес тізілімдердің 3 түрі бар:

- танылған аккредиттеу органдарының Тізілімі (Тізілім 1) – білім беру саласындағы уәкілетті орган қалыптастырған экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізіліміне және (немесе) қауымдастығына енгізілген ұлттық және шетелдік аккредиттеу органдарының тізбесі;

- аккредиттелген білім беру ұйымдарының Тізілімі (Тізілім 2) - аккредиттелген білім беру ұйымдарының тізбесі;

- аккредиттелген білім беру бағдарламаларының Тізілімі (Тізілім  3) - аккредиттелген білім беру бағдарламаларының тізбесі (мамандық).

Танылған аккредиттеу органдары, аккредиттелген білім беру ұйымдары және аккредиттелген білім беру бағдарламалары туралы ақпаратпен сілтеме арқылы танысуға болады https://enic-kazakhstan.kz/ru/accreditation/documents.