2019 жылдың 7-8 қазанында Испанияның Мадрид қаласында ‘Сападан автоматты тануға және ұтқырлыққа’ атты DEQAR конференциясы / EQAR мүшелерінің диалогы өтті
Карл ІІІ атындағы Мадрид университеті мен Crue Universidades Españolas іргесінде ұйымдастырылған іс-шараға ENIC/NARIC, жоғары білім беру министрліктері, сапаны қамтамасыз ету агенттіктері, ENQA, ESU, EUA, EURASHE және т.б. ұйым өкілдері қатысты.
Конференцияда DEQAR деректер базасы көрсетілді. EQAR-да тіркелген аккредиттеу агенттіктері сыртқы тексеріс нәтижесі бойынша есептері мен шешімдерін осы базада жариялайды. Қазіргі кезде базада сыртқы тексерістің (аккредиттеу/бағалау) 40 000 астам есептері орналастырылған. EQAR-да екі қазақстандық агенттік IAAR және IQAA тіркелген.
DEQAR:
- сапаны сыртқы қамтамасыз етудің ашықтығына себептес болады;
- аккредиттелген жоғары оқу орындары/білім беру бағдарламалары туралы ақпаратты ұсынады, бұл біліктілікті тануға болысады;
- бірлесіп мамандарды даярлау туралы меморандум/шарт жасау мақсатында сенімді шетелдік әріптес ЖОО таңдауға көмектеседі;
- барлық мүдделі тараптарға (мемлекеттік органдар, жұмыс берушілер, зерттеушілер, ата-аналар, үкіметтік емес ұйымдар және т.б.) расталған ақпаратты ұсынады.
Келесі сілтеме бойынша конференция материалдарымен танысуға болады>>
https://www.eqar.eu/kb/presentations/
DEQAR деректер базасына сілтеме>>
https://www.eqar.eu/qa-results/search/by-institution/