• Icon+7 (7172) 57-20-75
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

Әлеуметтік өлшемдер бойынша (AG1) кеңес беру тобының 3-отырысы, (2019 жылдың 5 маусымы, Вена, Австрия)

Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы «Еуропа жоғары білім беру кеңістігіндегі әлеуметтік өлшемдер бойынша принциптер мен нұсқаулық» (Principles and Guidelines for Social Dimension) құжатының жобасын әзірлеуге қатысты. Жұмыс Әлеуметтік өлшемдер бойынша (AG1) кеңес беру тобының 3-отырысы аясында ұйымдастырылды.

Аталмыш құжат жоғары білім берудегі әлеуметтік аспекті саясатын дайындау мен іске асыру кезінде Болон процесіне қатысушы елдерде қолданылуы мүмкін құрал ретінде әзірленеді.

«Әлеуметтік өлшемдер бойынша принциптер мен нұсқаулық» құжатының соңғы нұсқасы 2020 жылы өткізілетін Білім беру министрлері конференциясында ұсынылады.