Конкурс жарияланды: Жоғары білімді дамытудың ұлттық орталығы сайтының бета нұсқасын әзірлеу
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы Жоғары білімді дамытудың ұлттық орталығы Қазақстан бойынша жоғары оқу орындарының студенттері арасында https://enic-kazakhstan.edu.kz ресми сайтының бета нұсқасын әзірлеуге ашық конкурс жариялайды.
Конкурстың мақсаты:
Нақты тапсырмаларды шешу арқылы студенттердің кәсіби және шығармашылық мүмкіндіктерін анықтау.
Негізгі мақсаттар:
Тәжірибеге бағытталған білім беруді ынталандыру;
АТ-қа қатысты дипломдық бағдарламаларды ілгерілету және танымал ету.
Қатысу шарттары:
Қазақстанның мамандандырылған жоғары оқу орындарының бакалавриат және магистранттары үшін ашық;
Формат: жеке немесе командалық (4 адамға дейін).
Іс-шараның өтетін күндері:
1 кезең (университетішілік):
Өтініштер мен жобаларды тапсыру: 2025 жылдың 28 сәуірі – 28 мамыры
2 кезең (республикалық деңгей):
Жобаны ұлттық қазылар алқасының бағалауы: 28 мамыр – 31 мамыр 2025 ж.
Соңғы нәтижелерді жариялау: 2025 жылдың 6 маусымы
Жүлде қоры:
1 орын — Бірінші дәрежелі диплом + 500 000 теңге + Орталықпен болашақта ынтымақтастық мүмкіндігі
2 орын — 100 000 тг + диплом
3 орын — 50 000 тг + диплом
Негізгі талаптарға сәйкес келетін жобаларды ұсынған барлық қатысушылар электронды қатысу сертификаттарын алады.
Егжей-тегжейлі қатысу талаптары, байқау ережелері, бағалау критерийлері және веб-сайттың болашақ құрылымы Байқау нұсқаулығында көрсетілген.
Біз университеттерді студенттерін белсенді ақпараттандыруға және белсенді және дарынды тұлғалардың қатысуын қолдауға шақырамыз.
Құрметпен,
Ұйымдастыру комитеті
Жоғары білімді дамытудың ұлттық орталығы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі