• Icon+7 (7172) 57-20-75
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

Рига қаласында «Qualifications Frameworks for Trust, Transparency and Diversity» жобасы аясында A тақырыптық Тобының (TPG A) отырысы өтті

2024 жылғы 17-18 қыркүйекте Латвияның Рига қаласында «Qualifications Frameworks for Trust, Transparency and Diversity» (QUATRA – TPG A) жобасы аясында A тақырыптық Тобының (TPG A) отырысы өтті. Іс-шараның басты мақсаты - Еуропа Жоғары білім кеңістігінде (EHEA) біліктілік шеңберлерін жетілдіруге бағытталған үш стратегиялық маңызды ұсыныстарды талқылау және қабылдау болды. Бұл ұсыныстар келесі үш мәселені қамтыды: (1) Біліктілікті тану процесіне деген сенім мен ашықтықты арттыру үшін өзін-өзі бағалау және сертификаттау бойынша ұсыныстар. (2) Студенттердің еңбек нарығына тез бейімделуін қамтамасыз етіп, жоғары біліктілік алуға мүмкіндік беретін қысқа мерзімді білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша нұсқаулықтар. (3) Кәсіби салалардың өзгермелі талаптарына жедел жауап бере алатын микро-біліктіліктерді енгізу бойынша ұсыныстар.

Іс-шараға қатысушылар Грузия, Қазақстан, Мальта және Шотландия секілді елдердің осы ұсыныстарды әзірлеу және жүзеге асыру жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарларын талқылап, білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі келесі қадамдарды белгіледі.

ЖБДҰО директорының міндетін атқарушы Алибек Серғазыұлы Мәдібеков пен директор кеңесшісі Амантай Әбілхаирович Нұрмағамбетов бастаған қазақстандық делегация Қазақстанның қысқа циклды бағдарламалар (қолданбалы бакалавриат) мен білім беру процесінде микро-біліктіліктерді қолдану тәжірибесін таныстырды. А.С. Мәдібеков өз сөзінде Презентация барысында қолданбалы бакалавриатты енгізудің пилоттық жобасының нәтижелері және микро-біліктіліктерді білім беру бағдарламаларына интеграциялау бойынша ұсыныстар ұсынылды. Қазақстанның халықаралық білім беру ынтымақтастығындағы белсенді қатысуы ерекше атап өтілді, бұл озық тәжірибелермен алмасуға және елдің жаһандық білім беру жүйесіне интеграциясын нығайтуға ықпал етеді.

TPG A жұмыс тобының отырысы әлемдік еңбек нарығындағы өзгерістерге бейімделуге және білім беру саласындағы заманауи сын-тегеуріндерге жауап беруге қабілетті икемді және ашық білім беру жүйелерін құрудағы маңызды қадам болды.