«БББ Тізілімі» ақпараттық жүйесіне өтінімдерді қабылдау
Жоғары білім беруді дамытудың ұлттық орталығы «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларының тізілімі» ақпараттық жүйесіне өтінімдерді қабылдау бойынша жұмыс жүргізуде.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу мен одан алып тастау негіздерінің (ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 12 қазандағы бұйрығы 2022 жылғы № 106) 13-тармағына сәйкес сараптамаға жіберілетін бағдарламалардың саны ағымдағы қаржы жылына арналған бюджет шегінде шектеледі.
2024 жылғы 28 наурызға дейін қабылданған өтінімдерді ескере отырып, Орталық ағымдағы жылы бөлінген бюджет шегінде 1066 өтінімді қарастыратын болады.