Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы 2023 жылғы 11-13 маусым аралығында Швецияның Стокгольм қаласында өткен "ENIC-NARIC" желісінің 30-шы жыл сайынғы бірлескен жиналысына қатысты
"ENIC-NARIC" жиналысы шетелдік біліктілікті тану және бағалау саласындағы ең ірі және маңызды іс-шара болып табылады. Бұл іс-шараға ENIC-NARIC халықаралық желісінің 45 елінен 150 өкіл, сондай-ақ Еуропалық Кеңестің, Еуропа Кеңесінің және мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты.
Іс-шараның мақсаты саясат пен практикаға қатысты біліктілікті тану туралы ақпарат алмасу арқылы көпжақты ынтымақтастықты қолдау, сондай-ақ қазіргі заманда жоғары білімнің алдында тұрған негізгі сын-қатерлер мен мүмкіндіктерді талқылау болды.
Жиналыстың үш күнінде Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының өкілдері панельдік пікірталастарға, семинарларға және жұмыс топтарына белсенді қатысты, онда біліктілікті тану және бағалау жүйелерінің алдында тұрған өзекті мәселелер мен сын-қатерлер талқыланды.
Қазақстан мен Әзірбайжан өкілдері шетелдік біліктілікті танудың ұлттық рәсімдері туралы және жаһандану сын-қатерлерін неғұрлым тиімді шешуге және екі елде де жоғары білім беруді дамытуға бағытталған жаңа басым жоспарларды әзірлеу туралы ақпаратпен бөліскен панельдік пікірталасқа ерекше назар аударылды.
Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының "ENIC-NARIC" желісінің 30-шы жыл сайынғы жиналысына қатысуы біздің жоғары білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық пен тұрақты дамуға деген ұмтылысымызды көрсетеді. Біз білім беру сапасын жақсартуға және студенттер мен кәсіпқойлардың халықаралық ұтқырлығына жәрдемдесуге ұмтыламыз.
Орталық Швецияның жоғары білім беру Кеңесіне (ENIC-NARIC Sweden) осы маңызды жиналысты ұйымдастырғаны үшін шын жүректен алғыс білдіреді. Іс-шараға қатысу жаңа байланыстар орнатуға және жоғары білім беруді тану саласындағы басқа сарапшылармен озық идеялармен алмасуға мүмкіндік берді.
#ENICNARIC #жоғары білім #тану # бағалау # халықаралық ынтымақтастық