Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған «КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫНА арналған семинар өтті
Кездесу барысында «Кәсіби біліктілік туралы» заң жобасының негізгі ережелері талқыланды. Заң Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту арқылы білім беру жүйесін жұмыс берушілердің талаптарымен үндестіруге бағытталған.
Заң жобасын іске асырудағы жоғары оқу орындарының рөліне қатысты мәселелер қаралды. Семинарға қатысушылар «Мамандығым – болашағым» жобасының іске асырылу барысымен, сертификаттау және біліктілікті тану жүйесінің мәселелерімен танысты.
Білім беру бағдарламаларын өзектендіру алгоритмі талқыланды. Соңғы уақытта НҚА-не өзгерістер енгізілді, 21 жаңа кәсіби стандарт әзірленіп, сондай-ақ 170-і өзектендірілді. Осы өзгерістердің барлығы ЖОО-лардың іске асырылып жатқан білім беру бағдарламаларын жаңартуды талап етеді.
Спикер ретінде сөз сөйлегендер: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ордабаев О.Т.; Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім Комитеті төрағасының орынбасары Нарбекова Б.М.; жоғары білім беру бойынша сарапшы Ермекбаев С. К.; «Атамекен» ҰКП Адами капиталды дамыту департаментінің директоры Бейсенбенов А.А.; Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының директоры Мухатаев А.А.