• Icon+7 (7172) 57-20-75
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

Зерттеу жұмысының нәтижесін талқылау бойынша семинар

2022 жылдың 10 қазанында Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы мен Астана мемлекеттік қызмет хабының бірлесе отырып, «Мемлекеттік қызметшілерді оқыту және даярлау. Қазақстандағы ЖОО «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы» тақырыбындағы зерттеу жұмысының нәтижесін талқылау бойынша семинарын ZOOM платформасында өткізді. Семинарға 200 астам қатысушы, оның ішінде Азербайджан, Өзбекстан елдерінің өкілдері қатысты.

Астана мемлекеттік қызмет хабының басқарушы комитеті төрағасы Әлихан Бәйменов пен Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының директоры Айдос Мухатаев іс-шараға қатысушыларға алғы сөз жолдады.

Жоғары білім және мемлекеттік басқару саласындағы сарапшы, экономика ғылымдарының докторы, доцент Шолпан Есімова «Қазақстандағы ЖОО-ның мемлекеттік басқарудағы білім беру бағдарламаларын бағалау және талдау» тақырыбына және Білім беруді басқару жөніндегі сарапшы Руслан Қаратабанов «Білім беру бағдарламаларын әзірлеу тәсілдері» тақырыбына баяндамалар жасады.

Конференцияның тікелей көрсетілімінің бейнежазбасын Астана хабының Facebook-тегі парақшасында көруге болады. Конференцияның барлық материалдары Астана хабының https://www.astanacivilservicehub.org/ru және Болонс процесі және академиялық ұтқырлық орталығының ресми сайттарында қолжетімді.