BFUG, ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МИНИСТРЛІКТЕРІ МЕН ЖОО ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТКІЗІЛГЕН РЕКТОРЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
2022 жылғы 6 қазанда Астана қаласында Болон процесінің бақылау тобы (BFUG), Орталық Азия министрліктері мен ЖОО өкілдерінің қатысуымен жоғары оқу орындары ректорларының конференциясы өтті.
Конференция Орталық Азиядағы білім беру саласындағы өңірлік ынтымақтастықты және жоғары білім берудің Орталық Азия жоғары білім кеңістігінің (ОАЖБК) қызметін дамыту бойынша одан әрі қадамдар жасауға бағытталған.
ОАЖБК құрудың негіздері TuCAHEA (жоғары білім берудің Орталық Азия кеңістігін орнату)жобаларында, CAEP (Орталық Азия білім беру платформасы), Еуропалық Одақ пен Орталық Азия Білім министрлерінің кездесулерінде және басқа да бірлескен жобаларда қаланды.
Конференцияда Орталық Азия жоғары білім кеңістігін дамытудағы одан әрі қадамдар туралы ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Жоғары білімнің негізгі құндылықтары туралы Еуропа жоғары білім сарапшысы Шур Берган, Еуропа Кеңесінің Білім департаментінің өкілі Катя Долгова-Дрейер, Қазақстан Республикасындағы ЮНЕСКО кластерлік бюросының директоры Магнус Магнуссон, Қырғыз Республикасының Нарын мемлекеттік университетінің ректоры Байбагышов Эрмек Муратканович, QS Орталық Азия және Шығыс Еуропа бойынша аймақтық директоры Христолюбов Сергей баяндама жасады.