«Инновациялық білім беру бағдарламалары: әзірлеу және енгізу тәжірибесі» әдіснамалық семинары
2022 жылғы 14-17 қыркүйекте Павлодар қаласында «Инновациялық білім беру бағдарламалары: әзірлеу және енгізу тәжірибесі» әдіснамалық семинары өтеді. Ұйымдастырушылар - Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы, Торайғыров университет, «BTS Education» ЖШС.
Семинарда Торайғыров университеті мен «BTS Education» ЖШС-нің «Павлодар өңірінің жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласы» негізінде өңірдің негізгі стейкхолдерлерімен бірлесіп инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі тәжірибесі ұсынылады.
Семинардың оффлайн жұмысына тіркелу үшін сілтеме: https://forms.gle/o8S8exLqzEVbgnFb8.