• Icon+7 (7172) 57-20-75
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

Орталық Азия елдері ректорларының Форумы

2022 жылғы 12-13 мамырда Алматы қаласында Орталық Азия елдері ректорларының Форумы өтеді.

Форум жұмысына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан Білім министрліктерінің өкілдері, Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің жоғары оқу орындарының ректорлары, Microsoft, QS, Elsevier, Clarivate Analytics сияқты ірі ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ Еуропа Кеңесінің, Болон процесінің бақылау тобының (Bologna Follow-Up Group), Латвия академиялық ақпарат орталығының өкілдері қатысады.

Форумның мақсаты - Орталық Азия жоғары оқу орындарының өңірлік ынтымақтастығын кеңейту.

2021 жылы Түркістан қаласында Орталық Азия елдерінің Білім министрлерінің конференциясы өтті. Конференция қорытындысы бойынша Түркістан декларациясы қабылданып, онда Орталық Азия елдерінің білім министрлері Орта Азиялық жоғары білім кеңістігін құру туралы жариялады.

Сонымен қатар, конференцияда Орталық Азия елдерінің университеттері Орталық Азия жоғары оқу орындарының Альянсын (бұдан әрі - Альянс) құру туралы Меморандум қабылдады.

Форумда Альянстың одан арғы жұмысы бойынша талқылау жоспарлануда. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы мен Орталық Азияның жоғары оқу орындары арасында екіжақты келісімдерге қол қою, келесі уағдаластықтарға қол жеткізу жоспарлануда:

- қызметкерлер мен білім алушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту бойынша,

- Альянсқа кіретін жоғары оқу орындарының білім беру платформаларына өзара қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша,

- Орталық Азия елдерінде ЖОО филиалдары мен өкілдіктерін ашу бойынша,

- стипендиялық бағдарламаларды ұйымдастыру бойынша,

- Орталық Азия елдері үшін аккредиттеудің шекті стандартын әзірлеу бойынша,

- сондай-ақ Альянсқа кіретін жоғары оқу орындары үшін электрондық жоғары оқу орындары арасындағы кітапханаға қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша.

Жалпы, Альянс өзекті мәселелерді шешу және бүкіл әлемде жоғары білім мен ғылымды дамытудың жаһандық үдерісіне жәрдемдесу үшін Орталық Азия өңірінің жоғары оқу орындарының ғылыми, зияткерлік, шығармашылық әлеуетін біріктіруге ықпал ететін болады.

Орталық Азия елдері ректорлары форумының бағдарламасымен мына сілтеме бойынша танысуға болады.