Жоғары білім мазмұнын басқару офисі
Офис басшысы
Байланыс ақпараты
a.mukhambetova@n-k.kz
+7 (7172) 57-20-78
Білімi
Мемлекеттік педагогикалық университеттің физика-математика факультеті, "Математика" мамандығы
Физика-математика ғылымдарының кандидаты, 2005 жыл
Жетекшілік ететін мәселе
Қазақстан Республикасының Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының Тізілімін сүйемелдеу және білім беру бағдарламаларының сапасын сараптау мен Тізілімге енгізу арқылы қамтамасыз ету.
Ғылыми-педагогикалық жұмыс тәжірибесі
1996-2002 жылдары Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, физика-математика факультетінің декан орынбасары;
2002-2005 жылдары магистратура және аспирантура бөлімінің меңгерушісі, Аймақтық орталығының жауапты хатшысы, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті
2005-2013 жылдары Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика факультетінің деканы
2013-2015 ж. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе аймақтык мемлекеттік университеті, физика-математика факультетінің деканы
2016-2021 жж. ҚазЭҚХСУ қолданбалы ғылымдар факультетінің деканы, базалық ЖОО ҚК жауапты хатшысы
75 ғылыми жұмыс, соның ішінде оқу құралдары, монография жарияланды.
ҚР БҒМ сараптамалық топтарының құрамында, МЖМБС әзірлеу, ЖОО-ларды мемлекеттік аттестаттау, Қазақстан Республикасының Білім туралы заңнамасын және ЖОО-лардың білім беру қызметін лицензиялау ережелерін сақтау жөніндегі ҚР БҒМ комиссияларының мүшесі болып жұмыс істеді.
Марапаттары: ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2006), ҚР БҒМ "ЖОО үздік оқытушысы-2013" мемлекеттік грантының иегері, ҚР БҒМ құрмет грамотасы (2017 ж.)